12:20, 02 Тамыз 2010 | GMT +5
Заңсыз кәсіпкерліктен 7 миллионнан астам теңге пайда тапқан кәсіпкер тұтылды
ОРАЛ. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жеке кәсіпкер Жанар Жаркееваға қатысты қылмыстық істі тергеуді тәмамдады.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азаматша 2008-2009 жылдары арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) Шыңғырлау ауылында орналасқан май құю станциясы арқылы мұнай өнімдерін сақтау және өткізумен заңсыз айналысып, 7 млн. теңгеден астам пайда тапқан.
Бөрлі аудандық сотының үкімімен Ж.Жаркеева ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі «б» тармағы (кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу) бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 айлық жалақысы мөлшерінде айыппұл салу және мемлекет пайдасына 7 млн. теңге өндіру белгіленді.