«Заңсыз келуші» іс-шарасының барысында Солтүстік Қазақстаннан 6 шетелдік шығарылды

ПЕТРОПАВЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат - 1 қазаннан бастап солтүстікқазақстандық полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп «Заңсыз келуші» алдын алу іс-шарасының шеңберінде жұмыс істеуде, деп хабарланды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Аталмыш іс-шараның алғашқы күнінде-ақ 84 шетелдік ҚР-да болу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық соттардың үкімімен 6 шетелдік елден аластатылды, олардың барлығы ТМД елдерінің азаматтары. 37 шетелдіктің елде болу мерзімдері қысқартылды.

Шал-ақын ауданы ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері ел аумағынан шығу жөніндегі шешімді орындамағаны үшін ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР-да болу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған РФ-ның азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ іздеуде жүрген мүліктік қылмыстарды жасаған 2 күдікті ұсталды. «Заңсыз келуші» іс-шарасы 7 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар