Заңсыз миссионерлікпен айналысқан азаматқа 185 мың 200 теңге айыппұл салынды - ОҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент қаласында заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді оған заңсыз әрекеті үшін 185 200 теңге көлемінде айыппұл салу қарастырылуда. Бұл туралы ОҚО прокуратурасынан хабарланды.
None
None

«Қазақстан Республикасының азаматы Бақытжан Нұсқабаев ағымдағы жылдың 14-қаңтарында Шымкент қаласы Қазығұрт ықшамауданы Молдағұлов көшесінде орналасқан №7 үйде діни ағымдағы уағыз-үгіт насихат жұмыстарын жүргізген. Ол жергілікті уәкілетті органдардан миссионерлік жұмыс жүргізуге ешқандай рұқсат құжаттарын алмағаны анықталды. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы Б.Нұсқабаевтың миссионерлік қызмет атқару үшін тіркелмегендігін де растап отыр», - дейді прокуратура қызметкерлері. Осылайша, айыпты құқық бұзушылықты қасақана жасаған. «Шымкент қаласының әкімшілік сотының қаулысымен ол айыпты деп танылып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 185 мың 200 теңге айыппұл салынған. Қазіргі кезде сот қаулысы заңды күшіне еніп, орындалу үстінде», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар