Заңсыз мұнай сатқан кәсіпорын иесі бас бостандығынан айырылды

АҚТАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Заңсыз мұнай саудалаған азамат бас бостандығынан айрылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық қаржы полициясының хабарлауынша, Маңғыстау облысы аумағындағы «Қазполмұнай» ЖШС-ның директоры қызметін атқарған Корнегруца Сергей, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі мөлшерде пайда тапқан.

Сергей Корнегруца «Қазполмұнай» ЖШС-ның басшысы қызметін атқара отырып, магистралдық құбыр желілерін пайдалануға берген.

Яғни Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнынан «Қазполмұнай» ЖШС-сынан өндірілген мұнай және оның конденсатын сатып, 21 673 919 03 теңге пайда тапқан.

Сондай-ақ үшінші тұлғаға, яғни «Толқынмұнайгаз» ЖШС-на, мұнай тасымалдау арқылы 1 935 547 теңге кіріс кіргізген.

Осылайша лицензиясыз қызметі арқылы С.Корнегруца 2007 жылдың наурызынан 2008 жылдың мамырына дейінгі аралықта аса ірі мөлшерде 21 675 854 578 теңге кіріс алған.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Сергей Корнегруца Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар