Заңсыз ойынхана әшкереленді

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Жуырда Ақтөбе облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында Ломоносов көшесі бойындағы үйлердің бірінен 38 дана ойын автоматтары бар ойын салонын тапты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен Алмагүл Бекжанова.
None
None

Тексеру кезінде ойынханада бес ойыншы мен қызметкер болған. Ұсталған ойыншылардың бірі бұл ойынханаға жиі келетінін және ұтыс болған жағдайда қолма-қол ақшамен алатынын айтты.

Ойын салонының қожайыны Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Егерде қылмыс белгілері анықталса, Қазақстан Республикасы ҚК 190 б. «Заңсыз кәсіпкерлік» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз жұмыс жасап жатқан 9 ойынхананы анықтады.

Соңғы жаңалықтар