Заңсыз шығарылған 2 млн маска мен 10 тонна дезинфекциялық құрал тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық арасында қымбат бағаға сатылған заңсыз қорғаныс бұйымдары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңсыз шығарылған 2 млн маска мен 10 тонна дезинфекциялық құрал тәркіленді

«Қиын кезеңде қорғаныс бұйымдары мен антисептикті заңсыз сатқандар да бар. Полиция дәл осындай 27 фактінің жолын кесті. Тұрғындарға қымбат бағамен сатылған 2 млн медициналық маска, 4 мың қорғаныс костюмі және 10 тонна дезинфекциялық құрал заңсыз айналымнан алынды. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге министр ойын-сауық орталықтарының да заңсыз жұмыс істегенін айтты.

«Жиі болатын қылмыстардың қатарында сауда нысандарының, ойын-сауық және көңіл көтеру нысандарының заңсыз жұмыс істеуі бар. Карантин режімін ұстанбағаны үшін 1 800 құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 400-ден астамы қамауға алынды, 500 - айыппұл салынды және қалған материалдар сот қарауында жатыр», - Е. Тұрғымбаев.

Бұған дейін министр Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына заңсыз кірмек болған 33 адам жауапқа тартылғанын хабарлаған еді.