Занзибардағы өрт: қонақ үйлерге зақым келіп, туристер төлқұжатын жоғалтты

АСТАНА. KAZINFORM — Занзибардың Нунгви туристік аймағында болған ірі өрт алты қонақ үйге әсер етті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт 40 дүкенді қиратып, кейбір туристер төлқұжатын жоғалтқан.

Крупный пожар на Занзибаре
Фото: видеодан алынған скрин

21 қарашада Унгуджа аралының солтүстік жағалауындағы Нунгви ауданында өрт шықты.

Tanzania Times газетінің хабарлауынша, өрт туристік қонақ үйлерге, кәдесый дүкендеріне және мейрамханаларға таралған. Зақымдалған нысандар қатарында Nungwi Inn, Baobab Sandies Beach және Makofi Zanzibar бар.

Крупный пожар на Занзибаре
Фото: citizen.co.za

Mwananchi 22 қарашадағы жазбасында хабарлағандай, өрт 40 дүкенді де қиратты. Кейбір туристер төлқұжаттарын жоғалтты.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт бақылауға алынған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің себебі әлі белгісіз.

Занзибар туризм комиссиясы қонақ үй иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Билік тұрғылықты жері жоқ туристер үшін уақытша баспаналар ұйымдастырды.

Бұған дейін Таиландтағы танымал курортта өрт шығып, 11 адам қаза тапқанын жазған едік.