Запорожье қаласында «Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Украина және Молдова Республикасындағы Елшілігі Запорожье қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады ҚР-ның Украинадағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Аталған шараның басты мақсаты іскер топтардың өкілдерін, украиндық компаниялардың Қазақстанды Индустриализациялау бағдарламасына қатысуға шақыру, Қазақстанға инвестициялар тарту, сондай-ақ еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және елімізде бизнес жүргізу әлеуеті туралы хабардар ету болып табылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстанда, соның ішінде Кедендік Одақ шеңберінде, жұмыс жасау мен бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алды, Қазақстанның инвестициялық саясатымен, болашағынан зор үміт күттіретін инвестициялық жобалармен таныстырылды.

Қазақстанда іске асырылып жатқан индустриалдық-инновациялық бағдарламаның негізгі бағыттарына қысқаша тоқталып, Елшілік Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал Кеден одағының әрекет етуін ескерумен салық және кедендік жеңілдіктер, сондай-ақ преференциялар туралы ақпарат берді.

Елшілік тарапынан Кеден одағының мүмүкіндіктерін пайдалану бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа перспективаларды ашуға және өзара сауда айналымын, сондай-ақ инвестицияларды едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретіні аталып өтілді.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациалық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламаның тұсау кесері өтті, Астана туралы деректі фильм қойылымы көрсетілді, сонымен қатар Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар