Зардап шегушілер талап арыздарын қайтарып алғанымен Жаңаөзен ісі тоқтауға жатпайды - Ә.Бейнешев

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат -  Жаңаөзенде орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты қозғалған қылмыстық іс зардап шегушілердің күдіктілерге қатысты талап арыздарын қайтарып алғанына қарамастан тоқтатуға жатпайды.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік әріптестік орталығы» қоғамдық қорының директоры Әлібек Бейнешев білдірді.

«Жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс көпшілік алдындағы қылмыс болып табылады және зардап шегушілердің шағым арыз беруін күтпестен қозғалады. Осыған орай Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша іс мүлкі бүлінген не болмаса жойылған кәсіпкерлердің өтініштері бойынша емес, аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігіне байланысты қозғалғандығын ескерген жөн», - деді ол.

Оның атап өтуінше, сот процессі барысында Жаңаөзендегі ойрандаушылардан опық жегендер айыптаудан емес, азаматтық талап арыздан бас тартып отыр. Жалпы Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істе 188 тұлға зардап шегуші ретінде танылған. Оның 155-сі тергеу амалдары барысында азаматтық талап арыз берген. Процесс барысында бұған дейін азаматтық талап арыз берген тұлғалардың кейбірі ғана өздерінің арыздарынан және наразылықтарынан бас тартқан.

Сонымен қатар айыптаушылар өртеп жіберген қазақ үйлердің иелері де талап арыздарынан бас тартып отыр. Оған қаланың бұрынғы әкімі О.Сарыбөпеевтің қазақ үйлер бүлінген жағдайда, әкімдік олардың шығынын өтеп беретіндігі туралы кепілдік міндеттемесі түрткі болған.

Соңғы жаңалықтар