11:10, 23 Мамыр 2025 | GMT +5
Зардап шекендер бар: Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 мамыр түнгі сағат 22:25 шамасында Түрксіб ауданында болған.
– Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатып, кері бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі дене жарақатын алды, - деп атап өтті Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.
Осыған дейін Алматыда троллейбус пен автобус соқтығысып, 10 адам зардап шеккен болатын.