Зардап шеккендерге БҚО-дағы мешіт қызметкерлері де қолұшын беруде

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккендерге БҚО-дағы мешіт қызметкерлері де қолұшын беруде.
None
None

Екі күн бойы ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбектің басшылығымен қиын жағдайда қалған бауырларға кешкі ас беру шарасы ұйымдастырылды.

-Облыс орталығындағы Жас­тар мәдениет сарайында және Деркөл ауылындағы мәдениет үйінде екі күн кешкі ас берілді. Бұл екі орынға төрт жүзден астам адам орналастырылған. Біз осылайша олармен бірге екенімізді, қолұшын беруге әрқашан дайын екенімізді білдіргіміз келеді. Бұған дейін облыстық балалар ауруханасында орналасқандарға 250 құты су, басқа да керек-жа­рақтар апарып бердік. Мешіт қызметкерлері, медресе шәкірт­тері қауіп төнгеннен бастап адамдарды құтқару, дүние-мүліктерді тасу, бөгеттерді кө­теру жұмыстарында жүрді. Біз қолдан келгенше зардап шегушілерге көмегімізді көрсете береміз, - деді Смайыл Сейітбек.

Соңғы жаңалықтар