01:26, 21 Маусым 2025 | GMT +5
Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің финалында өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 357-орында тұрған жапониялық Хироми Абені айқын басымдылықпен ұтты.
Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:1, 6:2 есебі тіркелді.
Зарина Дияс соңғы бәсекеде әлемнің 369-ракеткасы, аустралиялық, 19 жастағы Мелиса Эрджанмен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол рейтингіде 446-сатыдағы италиялық Дилетта Керубиниден айласын асырды - 6:2, 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Берлин турнирінде Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасына есе жібергенін жазған болатынбыз.