15:26, 18 Маусым 2025 | GMT +5
Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткасы З.Дияс екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 387-орында тұрған Польша өкілі Мартина Кубкамен өткізді.
Тартысты өрбіген бірінші сетте тай-брейкте Зарина табандылық танытты – 7:6 (7:3). Екінші сетте де қазақстандық теннисші басым болды – 6:3. Бәсеке 1 сағат 54 минутқа созылды.
Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 337-ракеткасы, 21 жастағы ресейлік Полина Яценко немесе рейтингіде 408-сатыдағы мексикалық Виктория Родригестің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Берлин турнирінде Рыбакинаның туған күнінде америкалық теннисшіден есе қайырғанын жазған болатынбыз.