Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің жартылай финалына өтті.

Зарина Дияс ширек финалда әлемнің 337-ракеткасы, 21 жастағы ресейлік Полина Яценконың меселін қайырды.
Бірінші партия 6:3 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.
Екінші сетте қазақстандық теннисші 2:0 есебімен алда тұрған кезде Яценко матчты жалғастырудан бас тартты.
Бәсеке 1 сағаттан астам уақытқа созылды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс финалға шығу үшін рейтингіде 357-орындағы жапониялық Хироми Абэмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Ноттингем турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Берлин турнирінде Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 1-ракеткасымен кездеседі.
Галле жарысында Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасын жеңіп кетті.