22:40, 25 Наурыз 2021 | GMT +5
Зарина Дияс Майами мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті.
Бірінші партияда швейцариялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:2.
Ол екінші сетте де қарқынын кеміткен жоқ - 6:1.
Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.
Б.Бенчич үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондрушова немесе рейтингте 38-сатыдағы қытайлық Ван Цянның біреуімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтқанын, қазақстандық жұптың Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.