Зарина Дияс Ноттингемдегі турнирде жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ноттингемде өтіп жатқан WTA турнирін жарақатына байланысты 1/16 финалдан соң аяқтауына тура келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
None
None

Австралия өкілі Саманта Стосурмен кездесуде бірінші сеттің төртіші геймінде қазақстандық спортшы сол аяғының тізесінен жарақаттанып, матчты аяқтай алмады. Стосур сол кезд 2:1 есебімен алда келе жатқан болатын, оның үстіне екі қос брейк-пойнты да бар еді.

Жарақат салдарынан Дияс корттан өзі шығып кете алмады.

Стосур осыдан жеті жыл бұрын US Open-2011 жеңімпазы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар