Зарина Дияс Португалиядағы турнирде жапониялық теннисшіні жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 280-ракеткасы Зарина Дияс Гимарайнш (Португалия) ITF W50 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

дияс
Фото: ҚР Теннис федерациясы

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингіде 615-сатыдағы жапониялық Акико Омаэмен шеберлік байқасты.

Бір сағат 35 минутқа созылған матчта Зарина 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы кейін анықталады.

Қазіргі кезде Зарина Дияс WTA Live рейтингісінде 277-орынға көтеріліп тұр.

Өткен айда Жапониядағы дәл осындай додада жеңімпаз атанған Зарина осымен қатарынан алтыншы кездесуінде жеңіске жетіп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Лондон турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Шевченко Братислава жарысының екінші айналымына өтті.

Соңғы жаңалықтар