19:12, 09 Шілде 2025 | GMT +5
Зарина Дияс Португалиядағы жарыста қарсыласын ойсырата жеңді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 246-ракеткасы Зарина Дияс Сейшал (Португалия) ITF W50 турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 360-орында тұрған үндістандық Анкита Райнамен жолықты. Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі еді.
Зарина бірінші партияда бет қаратпады – 6:1. Екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:3.
Қазақстандық теннисшінің айқын басымдылығымен өткен матч 1 сағат 8 минутқа созылды.
Зарина Диястың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Нидерландтағы турнирде алғашқы қарсыласын тізе бүктіргенін жазған болатынбыз.