19:39, 11 Наурыз 2025 | GMT +5
Зарина Дияс Румыниядағы турнирді сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 334-ракеткасы Зарина Дияс Тыргу-Муреш (Румыния) ITF W75 турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 645-орында тұрған чехиялық Анета Лабутковамен өткізді.
Бірінші партияда Зарина 6:2 есебімен басым түсті. Сол қарқынынан екінші сетте де жаңылған жоқ – 6:4.
Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін рейтингіде 331-сатыдағы италиялық Камилла Розателломен таласады. Ол әлемнің 128-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, украиналық Дарья Снигурды жеңіп кетті – 7:6 (7:3), 6:4.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің АҚШ-тағы жарыста камбэк жасап, жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.