Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. 

Зарина Дияс
Фото: ҚТФ

Заринаның «Үлкен дулыға» жарыстарындағы басты табысы осы Уимблдонға байланысты екенін айта кеткен жөн. Ол 2014 және 2015 жылдары төртінші айналымға дейін жеткен болатын.

Бұл жолы Дияс іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 208-ракеткасы, таиландтық Мананчэйа Савангкаевпен кездесті. Брейк алмасумен басталған матчта Зарина 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Зарина іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викеримен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар