08:47, 18 Мамыр 2025 | GMT +5
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінде топ жарды.

Қазақстандық теннисші финалда жапониялық, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина таразы басын аудара білді - 6:4.
Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға кетті. Бірақ Зарина бұдан кейін қарқын қосты - 6:3.
Финалдық бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.
Осылайша, Зарина Дияс жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакина мен Путинцеваның Страсбург турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
