Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің ширек финалына өтті.

Зарина Дияс
Фото: instagram.com/zarinadiyas

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 875-орында тұрған Жапония өкілі Лиза-Мария Риумен шеберлік байқасты.

Зарина Дияс қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен оңай ұтты. Матч небәрі 1 сағат 12 минутқа созылды.
Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 499-ракеткасы, тағы бір корт иесі Момоко Коборимен таласады.

Зарина қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 302-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Франциядағы турнирде ресейлік теннисшіден басым түскенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар