Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің финалына өтті.

Зарина Диас
Фото: Теннис федерациясы

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Зарина жартылай финалда әлемдік рейтингіде 336-орында тұрған қытайлық Мэйлин Ванның меселін қайырды.

Аса тартысты өткен матчта З.Дияс 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші ертең әлемнің 288-ракеткасы, жапониялық Аяно Шимицумен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 391-орындағы отандасы Михо Курамотиді жолдан тайдырды – 0:6, 6:3, 6:3.

Зарина Дияс қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде бірден 289-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар