Зарина Райфова Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Зарина Райфова пара дзюдодан J2 санатында +70 кг салмақ дәрежесінде Азия Пара ойындарында айналмалы жүйе бойынша жарыс жеңімпазы мәртебесіне ие болды.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, іріктеу кезеңінде Зарина Райфова қытайлық Ванг Пинг , үндістандық Димпл және Өзбекстан спортшысы Махинур Пармонова мен Хабиба Джураеваны иппонмен ұтып, жеңіске жетті.
Осыған дейін отандық пара велошабандоздар Азия ойындарында екі алтын жеңіп алғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар Қазақстан Азия Пара ойындарында садақ атудан алғаш рет күміс медаль еншіледі.