16:00, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Защита теміржол стансасында жұмысшы вагонның астына түсіп қалды - ШҚО
ӨСКЕМЕН. 11 қараша. ҚазАқпарат - Защита теміржол стансасында оқыс оқиға орын алды - вагондарды тарату кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамаған ЖБ-37 жолының 35 жастағы бригадирі вагонның астына түсіп қалды.

Техникалық қадағалау комиссиясы оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауда. Ер адам ауруханаға жатқызылды - дәрігерлер оның екі аяғын бірдей кесіп алып тастауға мәжбүр болды.