17:16, 24 Тамыз 2016 | GMT +5
Зайсан полициясы: Мөлдір Әбішеваның жоғалғаны туралы арыз түскен жоқ
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Күйеуімен ренжісіп қалып, төрт жасар ұлымен жоғалып кеткен 30 жастағы Мөлдір Әбішеваны тұратын жері бойынша Қарағанды облысының полициясы іздеуге кіріскен. Шығыс Қазақстан полициясына оның жоғалғаны туралы шағым келіп түскен жоқ,- деді өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД қызметкерлері барлық жағдайды әлеуметтік желі оқырмандары сияқты БАҚ-тан білді. Әйел Зайсанда қонақта болған, сосын кетіп қалған. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін өңір полициясы Қарағанды облысынан анықтауға кеңес берді.