Іздеу жарияланған адамдарды жасанды интеллект анықтап жатыр – Бас прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM – Жасанды интеллект пен big data прокуратура қызметінде қалай қолданыла бастады? Бұл сұраққа Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жауап берді.

BIZDIÑ ORTA подкасты
Фото: Ағыбай Аяпбергенов /Kazinform

– Қазіргі таңда біз жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. Ол, ең алдымен, қылмысты дер кезінде анықтауға және алдын алуға бағытталған. Қаладағы кейбір камераларға жасанды интеллект орнатылды. Камера жоқ жерлерде дрондар көмекке келеді. Осы құрылғыларға да жасанды интеллект енгізілді, – деді Ж. Өмірәлиев.

Оның айтуынша, жүйе бұзақылық әрекеттерді, төбелесті, қару ұстаған адамды автоматты түрде анықтайды және дереу хабарлама береді.

- Іздеуде жүрген, пробацияда тіркеуде тұрған немесе үйқамақтағы азаматтардың тізімі цифрландырылып, жасанды интеллект жүйесіне қосылған. Егер бұл адамдар көшеде жүрсе, жүйе бірден белгі береді, – деп түсіндірді Бас Прокурордың орынбасары.

Еске салсақ, биыл сәуір айында Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев іздеуде жүрген күдіктілерге қатысты пікір айтты.

 

Соңғы жаңалықтар