Зеленов ауданында «Елбасы Ақжайық өңірінде» атты фотокөрме ашылды - БҚО

ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Зеленов ауданының мәдениет үйінде өңірге танымал фотосуретші, республикалық, облыстық фотобайқауларының жеңімпазы Рафхат Халеловтің «Елбасы Ақжайық өңірінде» атты фотокөрмесі ашылды.
None
None

ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған көрмеде Елбасының Ақ Жайық өңіріне жасаған сапарларынан сыр шертетін жүзден астам фотосуреттер қойылған. «Көрмені ұйымдастырудағы мақсатым жеткіншек ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеп, тәуелсіздік жолындағы ел дамуының куәсі болуға, фото өнерінің қыр-сырын үйренуге ықпал ету», - дейді көрме авторы.

Тарихи сәттер куәсіне айналған фотокөрме жұртшылыққа Елбасының әр сапарынан көрініс берері сөзсіз.

Р.Халеловтің облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жаңа ғасыр - Алтын көпір», Алматы қаласында «Гүлденген елім» т.б. фотокөрмелері көпшілік көңілінен шығып, оң бағасын алған болатын. Бүгінде фотосуретші көрме ұйымдастырып қана қоймай, Сырым ауданы Қадыр Мырзалиев атындағы мектепке «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесінен алпыс фотосуретін және Қадыр Мырзалиевтің көзі тірісінде өзіне аманат етіп, естелікке қалдырған қаламын, кітаптар жинағы мен басқа да заттарын, ақынды түсірген тұңғыш фотоаппаратын сыйға тартса, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына орай жүз алпыстан астам еңбегін, «Елбасы Ақжайық өңірінде» тақырыбында жасақталған авторлық жұмысынан жүз фотосуретін Зеленов ауданындағы Мичурин ауылдық округіне сыйлады.

Соңғы жаңалықтар