Зеленов ауданында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес 56 млн. теңгеге 8 үй салынбақ - БҚО

Аудан әкімінің орынбасары Гүлнәз Құлжанованың айтуынша, Переметный мен Дариян ауылдарында төрт үйден бой көтермек. Бұл үйлерге экономиикалық жағынан болашағы жоқ елді мекендер тұрғындары орналасатын болады.
Аталмыш бағдарламаның бірінші бағытына өткен жылы 68 адам қатысса, 59 адам кәсіби біліктілігін арттыруға жіберілді. Бағдарламаның екінші бағытына сәйкес 40 несие серіктестігі (206 адам) 500 млн. теңге несие алып, оны мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға, қызмет ету орындарын ашуға жұмсады. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады.
Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша өткен жылы Махамбет ауылындағы орта мектеп пен Көшімдегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізіліп, 66 жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Биыл Переметный кентінде №1 музыка мектебі мен балабақшаны күрделі жөндеп, 38 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.