Зеленов ауданының көркемөнерпаздары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай облыс орталығында өнер көрсетті

Л. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Зеленов ауданының көркемөнерпаздары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өнер көрсетті.
None
None

Университет оқытушылары мен студенттері Асхат Қажығалиев сынды әншілер, дарияндық жас бишілер, басқа да орындаушылардың өнеріне қол соқты. Университет құрылтайшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімовтің айтуынша, тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай аталмыш оқу орны да көптеген шараларды жоспарлап отыр. Соның ішінде облыс аудандарымен өзара тиімді байланысты нығайта түспек.

Зеленовтық өнерпаздар енді осындай концерттерін ауылдарда да қоймақшы.

Соңғы жаңалықтар