Зеленский бейбіт келіссөздер үстеліне қайта оралуға дайын — Трамп

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден бейбіт келіссөздер үстеліне қайта оралуға дайын екенін білдіретін хат алғанын айтты. Бұл туралы BBC жазды.

Зеленский бейбіт келіссөздер үстеліне қайта оралуға дайын — Трамп
Фото: BBC

— Бүгін мен Украина президенті Зеленскийден маңызды хат алдым. Хатта: «Алыстан мұнартқан бейбітшілікті жақындату үшін Украина мүмкіндігінше тезірек келіссөз үстеліне отыруға дайын. Украиналықтардан артық ешкім бейбітшілікті қаламайды, — деді Трамп.

Оның айтуынша, Зеленский сондай-ақ «кез келген уақытта» тау-кен өндірісі туралы келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді.

Владимир Зеленский келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін бір күн бұрын сопақ кабинетте Трамппен арадағы қақтығыс туралы түсініктеме бергенде мәлімдеген еді. Ол сондай-ақ Украинаның жер қойнауы туралы келісімге әлі де дайын екенін айтты.

— Мен Украинадағы қатыгез ұрысты тоқтату үшін тынымсыз жұмыс істеймін. Миллиондаған украиндықтар мен ресейліктер осы жан түршігерлік әрі қатыгез қақтығыста ажал құшты немесе жараланды. АҚШ Украинаның қорғанысын қолдау үшін жүздеген миллиард доллар жіберді, — деді Трамп.

«Сіз мұның тағы бес жыл жалғасқанын қалайсыз ба?» — деп сұрады Трамп АҚШ-тың Украинаны қолдауға Еуропаға қарағанда әлдеқайда көп ақша жұмсағанын тағы да айтты.

— Өкінішке қарай, Еуропа Украинаны қорғаудан гөрі Ресейдің мұнайы мен газын сатып алуға көбірек ақша жұмсады. Ойланып көрші, — деді ол.

Трамп Украина туралы айтқан кезде кейбір демократтар залдан шығып кетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Зеленский Ақ үйдегі сәтсіз келіссөздерге қатысты түсініктеме бергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар