Зеленский Еуропаның бірқатар көшбасшылары мен лауазымды тұлғаларын марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM — Украинаның Тәуелсіздік күніне орай Владимир Зеленский бірқатар еуропалық көшбасшылар мен лауазымды тұлғаларды марапаттады, деп жазды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Украина Президентінің жарлығына сәйкес, Ярослав Данагөйдің І дәрежелі орденімен келесі тұлғалар марапатталды:
-
Еуропалық Одақтың қорғаныс және ғарыш мәселелері жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс,
-
Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соуза,
-
Чехия Президенті Петр Павел,
-
Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович,
-
Молдова Премьер-министрі Дорин Речан,
-
Финляндия Президенті Александр Стубб,
-
Норвегия Премьер-министрі Йонас Гар Стёре,
-
Нидерланд Премьер-министрі Дик Схоф.
Зеленский олардың:
-
мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға,
-
Украинаның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауға,
-
қайырымдылық қызметке,
-
Украинаны халықаралық деңгейде танытуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Зеленский Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені «Еңбегі үшін» І дәрежелі орденімен марапаттады.
Осы орденге сондай-ақ АҚШ Президентінің арнайы өкілі Кит Келлог та ие болды. Ол Киевке келіп, Украинаның Тәуелсіздік күніне арналған София алаңындағы салтанатты іс-шараларға қатысты.
Сондай-ақ Украинаға Канада Премьер-министрі Марк Карни келіп, Канада Украинаны қолдауға 1 миллиард канадалық доллар көлемінде әскери көмек бөлетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Дональд Трамптың алдағы екі аптада Украинаға қатысты жағдайды бағалайтыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.