Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Зеленский предложил Казахстан для встречи с Путиным
Фото: видеодан алынған скриншот

Бұл туралы Украина басшысы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

Жүргізуші Зеленскиден Ресей басшысымен қайда кездесуі мүмкін екенін сұрады. Украина басшысы келіссөзге ашық екенін айтып, кездесу өткізуге болатын бірнеше елді атады.

- Біздің командалар Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар және Аустрия мен Швейцария сияқты бейтарап Еуропа елдерінде кездесулер өткізуді ұсынды. Біз: «Егер қаласаңыз, біз мұны Қазақстанда жасай аламыз, біз дайынбыз» дедік, - деді Зеленский сұхбатында.

Еске сала кетсек, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті.

Соңғы жаңалықтар