Зеленский Трамппен Нью-Йоркте кездесуді жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский келесі аптада Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform «Интерфакс-Украина» агенттігіне сілтеме жасап.

Зеленский Трамппен Нью-Йоркте кездесуді жоспарлап отыр
Коллаж: Kazinform/ unsplash.com/ flickr.com

Оның айтуынша, сапар бағдарламасында екіжақты кездесулер бар. Соның ішінде Америка басшысымен де басқосу жоспарланып отыр. 

Зеленский келіссөздерде Украинаның қауіпсіздік кепілдігі, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар талқыланатынын түсіндірді. 

– Біз серіктестеріміздің Украинаға бере алатын кепілдіктерін және Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейту шараларын талқылаймыз, - деді ол. 

Украина көшбасшысы бірінші ханымдар – оның әйелі Олена Зеленска мен Мелания Трамптың кездесуі мүмкін екенін де мәлімдеді. Талқылау тақырыбы гуманитарлық мәселелер, әсіресе балаларды қорғау мәселелері болады. 

Бұған дейін Путин Зеленскиймен кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар