«Зенит» Нұралы Әліппен келісімшартқа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің «Зенит» командасы қазақстандық футболшы Нұралы Әліппен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Санкт-Петербург қаласы командасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Команда басшылығы және «Қайрат» клубы футболшының толыққанды ауысуы туралы келісімге келді. Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысымен келісімшарт «2,5 +1» жүйесі бойынша жүргізіледі», - деп жазылған хабарламада.
Нұралы Әліп 1999 жылы дүниеге келген. 2018-2022 жылдарда Алматының «Қайрат» командасы сапында 74 ойында 4 гол соқты.
2022 жылдың басында оны «Зенит» жалға алды. Содан бері Ресей Премьер-лигасында 4 кездесуде жасыл алаңға шықты.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды.
Фото: fc-zenit.ru