Зено Дебаст: «Қайрат» — дайындығы жақсы команда
АСТАНА. KAZINFORM — Алматының «Қайрат» клубына қарсы ойын алдында бельгиялық футболшы, Лиссабонның «Спортинг» клубының және Бельгия құрамасының қорғаушысы Зено Дебаст Қазақстан чемпионына қарсы бүгінгі ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
З.Дебаст 7 қыркүйекте Брюссельде өткен Бельгия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойында «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаевқа қарсы ойнағаны туралы баяндап берді.
Conferência de imprensa de antevisão ao #SCPFCK da #UCL ⚽ https://t.co/OAQF7Ln1kk
— Sporting CP (@SportingCP) September 17, 2025
«Спортинг» қорғаушысы қазақстандық шабуылшының жақсы ойын көрсеткенін және үлкен спорттық әлеует танытқанын атап өтті.
Бұдан басқа, З.Дебаст «Қайрат» командасына жоғары баға беріп, қазақстандық ойыншылардың финалдық ойында «Селтикті» (Шотландия) жеңіп, ақтық кезеңге абыроймен өткенін атап өтті.
Бельгиялық спортшы «Спортинг» 13 қыркүйекте Португалия лигасында жергілікті «Фамаликао» клубын жеңгеннен кейін қалпына келіп жатқанын айтты.
Зено Дебаст — Бельгия құрамасының өсіп келе жатқан «жұлдызы». Ол «Андерлехт» футбол академиясының тәрбиеленушісі. 2019 жылдың соңында клубпен алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды, ал 2021 жылдың ақпанында келісімшартын 2023 жылға дейін ұзартты. 2021 жылдың мамырында «Андерлехттің» негізгі құрамында Бельгия чемпионатында «Брюгге» клубына қарсы матчта дебют жасады.
Ол Бельгияның 15, 16, 17 жасқа және 19 жасқа дейінгі құрамаларында ойнады. 2022 жылдың қыркүйегінде Бельгияның ересектер құрамасына өтті. 2022 жылдың 10 қарашасында ол 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатында Бельгияның ресми құрамына енді.
Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00–де «Спортинг» пен «Қайрат» жастар құрамалары ойнайды.
Еске сала кетсек, «Спортинг» — «Қайрат» кездесуі Лиссабон уақытымен сағат 20:00–де (Астана уақыты бойынша 19 қыркүйек күнгі сағат 00:00) басталады. Бұл біздің команданың Чемпиондар лигасының финалындағы дебюті болмақ.
Бұған дейін «Спортинг» — «Қайрат» кездесуінде кім төрешілік қызмет атқаратынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі алғашқы турындағы «Спортинг» (Португалия) пен «Қайрат» кездесуі қай телеарнадан көрсетілетінін мына жерден оқи аласыз.