10:19, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Зеренді ауданында Ұлттық халық санағына орай үгіт-түсінік шаралары жүргізілуде
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысының Зеренді ауданында ағымдағы жылдың 25-ші қаңтар мен 6-шы ақпан аралығында өткізілетін Ұлттық халық санағына орай әр селолық округтерде үгіт-түсінік шаралары қолға алынған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Халық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия төрайымы Әлия Таласбаеваның айтуынша, бүгінде 16 адамнан тұратын комиссия құрылып, іс- шаралар жоспарлары жасалынған. Соған сәйкес үй- жайлармен, байланыспен, көлікпен қамтамасыз ету, кадрларды іріктеп, олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылып отыр. Аудан аумағы 4 санақ бөліміне, 35 нұсқаулық және 140 есеп учаскелеріне бөлінген. Селолық және кент әкімдері ұлттық санақ кезіндегі жұмысты өз бақылауларына алып, оның нәтижелі, заңға сәйкес, нақтылы болуын қадағалайтын болады. Соған сәйкес ішкі істер бөлімі тиісті шараларды қолға алған.