Зеренді ауданында жұмысшының үстіне агрегат құлап мерт болды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында жұмысшының үстіне агрегат құлап мерт болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне марқұмның туған-туыстары хабарлады.

«Қайғылы жағдай маусымның 10-ы күні «Зеренді Астық» ЖШС орын алған.  Жаңадан сатып алынған агрегатты әріптестеріне үйретпек болған 61 жастағы механизатор Өтеген Оразалиннің үстіне абайсызда агрегат құлап кеткен. Жедел Ақмола облыстық ауруханаға жеткізіліп,  ота жасалғанымен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Қазір кезде  ер адамның денесі мәйітханаға медициналық сараптамаға жіберілді», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram