Зерендіде «Менің отаным-Қазақстан» республикалық туристік экспедиция басталды

ШЕТАУ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты көрікті Зеренді аумағында «Менің отаным-Қазақстан» деп аталатын республикалық экспедицияның облыстық екінші кезеңі басталды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы іс-шара мәдени-танымдық, экологиялық-өлкетану және спорттық сауықтыру туризмі бойынша аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асыру барысында еліміздегі туристік бағыттарды анықтау, жасөспірімдер мен балалар туризмін дамыту, назардан тыс қалған туристік клубтарды қалпына келтіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың жат қылықтардан арылуына мүмкіндік жасау қарастырылған.  Соған сәйкес Ақкөл, Зеренді, Еңбекшілдер,Сандықтау, Щучье аудандары мен Көкшетау, Степногор қалаларының балғындары туристік саяхатқа шықты. Үш күн бойы олар сол бағыттардың картасын жасап, бейне таспаларға түсіріп, күнделік толтыратын болады. Үздіктер арнайы сый-сияпатқа иелік етпек.

Соңғы жаңалықтар