Зерендіде өткен форумда Елбасының өкілеттілігін ұзартуға қатысты республикалық референдумға қолдау білдірілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы орталығындағы Зеренді ауылының мәдениет үйіндегі форумда Елбасының өкілеттілігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейінгі мерзімге ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізуге қолдау білдірілді.
None
None

Форумға жергілікті тұрғындар, саяси партиялар мен жастар бірлестіктерінің, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес, ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, өз таңдауларын жеткізді. Көпшілік алдында сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Әбдуғалиев, «Бірлік Зерен» кәсіпкерлік қолдау қорының төрағасы Павел Кельм, коммунистік партия өкілі Юрий Васильев өткен 19 жылда еліміздің даму-өркендеуі, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстылығын, алдағы уақытта жаңадан бастау алған индустриялық-инновациялық жобаларды Елбасының өзімен жүзеге асыруға ынталы екендіктерін жеткізді. Жас буын өкілдері соңғы жылдары білім, денсаулық, жастар саясаты Елбасының тікелей бақылауында болып, оң шешімін тауып келе жатқанын атап көрсетті. Жиналған қауым шығысқазақстандықтардың бастамасын бірауыздан қолдайтындықтарын атап өтті.

Осындай көпшілік қатысқан жиын ауданның Шағалалы ауылдық округінде өтіп, оған екі жүздей жергілікті тұрғын қатысып, республикалық референдум өткізуді құптайтыныдықтарын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар