Зергерлік өнер тарихи сананың жаңғыруына мүмкіндік береді - шебер

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Шабыт күні» аталып өтілуде. 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында басталған онкүндіктің үшінші күні осындай атаумен жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл күні облыстың  барлық қала-аудан орталықтарында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» тақырыбында өңірдегі шығармашыл дарын иелерінің қолөнер бұйымдары мен шығармашылық өнер туындылары көрмелері өтіп жатыр.

Сонымен қатар, жалпы орта мектептер мен колледждерде «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» тақырыбында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылуда.

null 

Ал, облыстық  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында  өткен  қолөнер бұйымдары көрмесіне өңірдегі түрлі этнос өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылуында облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін жалғасатын мерекелік іс-шаралардың  мән-мазмұнына тоқталды.

Жиында сөз алған облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, қолөнер шебері Икрамжан Рафиков 15 жылдан бері қазақ халқының зергерлік бұйымдарын жасаумен әрі насихаттаумен айналысып келе жатқанын айтты.

null 

«Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Әр туындының астарында терең мән-мағына бар. Осы дүниелер арқылы болашақ ұрпақ өзінің тек-танымын біліп, тарихи санасының жаңғыруына мүмкіндік алады», - дейді шебер Рафиков.

Айта кету керек,  ертең «Көршіге ізет»  күні аясында өңірде ауыл азаматтарын жақындастыру,  көршілер арасындағы байланысты бекемдеу бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақшы.

null null 

Соңғы жаңалықтар