Зергерлік өнімдердің экспорты 7,3 есеге өсті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанда зергерлік өнеркәсіп мемлекет қолдауының арқасында қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс минстрлігінің баспасөз қызметі.

Көне зергерлік жәдігерлер көрмесі
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Нарық динамикасы 

Мысалы, 2025 жылдың алғашқы 10 айында зергерлік бұйымдар нарығының өндіріс көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,3%-ға өсіп, 4,1 млн долларға жетті. Импорт 39,6%-ға өсіп, 174,7 млн долларға жетті. Ал экспорт 7,3 есеге өсіп, 54,5 млн долларға жетті. Ішкі тұтыну 3,2%-ға өсіп, 124,3 млн долларға жетті.

Саланы мемлекеттік қолдау шаралары

Бұл 2016 жылдан бастап елімізде зергерлік компанияларға жылына 300 кг-ға дейін алтын сатуға квота белгіленгендігімен байланысты. Тазартылған алтын басымдықпен Қазақстан Ұлттық банкіне сатылады. 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 74 тоннаны құрады. Тау-Кен Алтын бұл механизмді түйіршіктелген тазартылған алтынды сату арқылы да жүзеге асырады.

Одан бөлек, 2023 жылдың қаңтар айының басынан бастап Қазақстанда жұмыс істейтін зергерлік бұйым өндірушілерінің квота бойынша алтын сатып алуына қосымша құн салығы (ҚҚС) салынбады. Осы опцияны пайдалана отырып, зергерлік бұйым өндірушілері 2025 жылы ҚҚС-сыз 38 кг алтын сатып алды, бұл 2024 жылғы 34,3 кг-мен салыстырғанда 10,7%-ға артық.

«Астана АЭА-ның» басым қызмет түрлеріне бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру кіреді.

Отандық өндірушілер үшін күміс зергерлік бұйымдарға арналған сынақ камераларында белгілерді қою талабы да алынып тасталды.

Қазақстанда барлығы 4 542 зергерлік бұйымдармен сауда жасайтындар тіркелген, олардың 445-і өндірушілер.

-Қазақстандағы зергерлік бұйымдар саудасы «Бағалы металдар мен бағалы тастар туралы» Заңмен реттелетінін еске салған жөн,-делінген хабарламада.

Осыған дейін зергерлік бұйым сату талаптары күшейтілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар