Зерттеу: Смартфонның көмегімен жер сілкінісі туралы алдын ала білуге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ зерттеушілері смартфондар жер сілкінісі туралы алдын ала хабар тарату жүйесінің бір бөлігіне айнала алады деген тұжырым жасады, деп жазады Science Advances.
Ғалымдар GPS датчиктерімен жабдықталған смартфондар немесе басқа да құралдар жақын уақытта жер сілкінісінің болатынын анықтап бере алатынын немесе алмайтынын тексерді. Ол үшін ұялы телефондардың GPS-датчиктерінің мәліметтері дәлдікпен көрсететін аспаптардың көрсеткіштерімен салыстырылды. Нәтижесінде, ұялы телефондардың 7 және одан да жоғары баллдық жер сілкіністерін анықтай алатыны белгілі болды.
Яғни, смартфон өзінің иесіне егер мұндай сейсмикалық белсенділік туралы ақпарат жақын маңдағы жүзден астам осындай құрылғыларда тіркелсе, жер сілкінісі туралы белгі бере бастайды. Зерттеуге қатысқан 5 мың адамның мәліметтерінің көмегімен «жасанды» жер сілкінісін 5 секунд ішінде анықтау мүмкін болды. Таяу уақытта жер сілкінісінің орын алатын туралы алдын ала хабардар болуы үшін смартфон иесі телефонына арнайы қосымшаны жүктеп алса болғаны, ал қажетті датчиктер заманауи ұялы телефондардың бәрінде бар.