Зейнетақы қорының активтерi Қайрат Келiмбетовтiң басқарылуына берiлдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн басқару кеңесiне жетекшiлiк ететiн болды. Бұл туралы қордың ресми сайты хабарлады.
None
None

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерiн басқару кеңесiнiң жеке құрамы ҚР Президентiнiң 2014 жылдың 14 ақпан күнгi Жарлығымен бекiтiлдi. Оған ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов, Президент көмекшiсi Ербол Орынбаев, ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев, "Қазақстан қаржыгерлерi қауымдастығы" ұйымының басқарма төрағасы Серiк Аханов, Биржалық кеңестiң төрағасы, "Қазақстан биржа қоры" АҚ тәуелсiз директоры Жанат Құрманов кiрген.

Сонымен қатар келiсiм бойынша, тәуелсiз сарапшылар ретiнде NUH Cimento Sanayi A.S. компаниялар тобының басқарма төрағасы Тевфик Билгин, Global Sovereign Advisors басқарушы серiктес Борис Борозан, "Дойче Банк АГ" компаниясының Қазақстандағы филиалының басшысы Ульф Вокурка, Sze Associates Ltd төрағасы Майкл Зи енiп отыр.

Соңғы жаңалықтар