Зейнетақының ынтымақты жүйесіне оралу керек - «Халықтық коммунистер» фракциясы

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясы зейнетақының ынтымақты жүйесіне оралу керек деп санайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
None
None

Атап айтқанда, «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров елдегі зе йнетақы жүйесін жаңғырту мәселелеріне тоқтала келе, бұған қатысты партияның өз ұстанымы бар екенін жеткізді. «Әрине, зейнетақының бірыңғай жинақтау қорын құруға қатысты біз өз пікірімізді білдірдік, біз ондай қордың құрылуын қолдаймыз. Алайда, бүгінгі уақыт көрсетіп отырғанындай, жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларынан қаражат тартуда үлкен проблемалар туындап отыр. Соған орай, біздің партияның зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты негізгі ұстанымы - бізге зейнетақының ынтымақты жүйесіне оралу қажет», - деді А. Қоңыров.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жұмыссыздық мәселесі әлем бойынша өткір мәселе. «Ал жұмыссыздық деңгейінің болуы жағдайында одан шығар бірден бір жол ынтымақты жүйе болуы мүмкін», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар