01:16, 27 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Зейнеткер есігін қаққан бейтаныс үш адамды автоматпен жайратып салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеушілер Ставрополь өлкесіндегі Шпаковский ауданында тұратын зейнеткердің үстінен есігін қаққан екі бейтаныс адамды өлтіргені және заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғады.
Бұл туралы РФ өлкелік ТК тергеу басқармасы хабарлады.
Анықталғандай, 23 қыркүйекте күндіз ер адам үйінің есігін қаққан үш бөгде жанмен керісіп қалған. Артынша тығулы автоматын алып шығып оларды жайратып салған.
« Оқ тиген 43 жастағы ер адам сол жерде ажал құшқан, 16 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды, ал 19 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті»,-делінген тергеу басқармасының хабарламасында.
Күдікті ұсталды, бірнеше сот сараптамасы тағайындалды.