Зейнеткер үш жүк көлігін айдап әкетіп, металл сынықтарын қабылдайтын орынға өткізіп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Подмосковьеде құқық қорғау органы қызметкерлері  үш жүк көлігін айдап әкетіп, металл сынықтарын қабылдайтын орынға өткізген 62 жастағы ер адамды ұстады. 

Зейнеткер үш жүк көлігін айдап әкетіп, металл сынықтарын қабылдайтын орынға өткізіп жіберген

Белгілі болғандай, көлік барымташысы автомобильдерді карьерлердің бірінен айдап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 1,5 миллион рубльді құрады.

Енді Наро-Фоминский ауданының тұрғыны алты жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін. Ал әзірше одан ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынды.