Зейнеткерді азық-түлік үшін өлтірген қостанайлық 17 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрын соңды ұрлық жасағаны үшін істі болған 27 жастағы Марат Төкеновке қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Төкенов механизатор болып жұмысқа орналасу және түсті металл қалдықтарын өткізу үшін Қарасу ауылына жол тартады.

Түсті металл үшін 600 теңге көлемінде ақша алған сотталушы ішімдік сатып алған. Оны өзінің таныстарымен бөлісіп ішіп алады. Кешке сағат 20.00 шамасында Қарасу ауылының мәдениет үйіне қарай аяңдап жол бойында жылу құбыры үстінде ұйықтап қалады.

Суықтан оянған Төкенов ұрлық жасамақ болып жалғыз тұратынын білетін 79 жастағы зейнеткердің үйіне бет алады.

Сыртқы терезе арқылы пәтерге еніп, ұйықтап жатқан қартаң әйелге бас салады. Оның қорғансыз жағдайын пайдаланған қылмыскер жәбірленушіні тепкінің астына алып ақша талап етеді.

Кейін үйден асханалық пышақ тауып алған Төкенов өмірлік маңызды дене ағзаларына 8 рет пышақ сұғады. Жарақат салдарынан зейнеткер оқиға орнынада қаза табады.

Ал қылмыскер жәбірленушінің сырғасын, азық-түлігін, пластикалық картасын, жеке куәлігін алып тайып тұрады.

Сот К.Төкеновты ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі 3,4-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 3,8-тармағы, 384-бабының 2-бөлігі бойынша (қарақшылық, кісі өлтіру, ұрлық, жеке куәлікті ұрлау) айыпты деп танып, оған 17 жыл ерекше тәртіптегі колонияға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 384-бабының 2-бөлігі бойынша Төкенов мемлекет пайдасына 50 АЕК, яғни 99 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар