Зейнеткерді ұрып-соғып, 200 мың теңгесін алып кеткен қарақшылар ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Зейнеткерді ұрып-соғып, 200 мың теңгесін қолды қылған күдіктілер қолға түсті.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. Шығыс Қазақстан облысының Ново-Баженова ауылында 72 жастағы қарттың үйіне қарақшылық шабуыл жасалғанын айта келе ол: «Екі ер адам үйге терезеден кіріп, қарт әйелді ұрып-соғып, қол-аяғын матап, 200 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткен», - деді.Оның атап өтуінше, облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде оқиғаның ізі суымай күдіктілер қолға түсті. «Олар 29 бен 37 жастағы Семей қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды»,- деді Н.Ораз.
Соңғы жаңалықтар