Зейнеткердің құны 400 мың еуро тұратын құйма алтындары қолды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық Кадожак коммунасында 84 жастағы ер адамның жалпы құны 400 мың еуро тұратын құйма алтыны салынған сейфін ұрлап кетті, деп жазды Sud-Ouest басылымы бейсенбі күнгі санында.
Басылым мәліметінше, зейнеткерге өзін қалалық сумен жабдықтау қызметінің қызметкері деп таныстырған ер адам су құбырларына тексеру жүргізу керектігін айтқан. Зейнеткер құрылғыны көрсетіп жатқанда, оның сыбайластары үйге кіріп, үш құйма алтын салынған сейфті жымқырған. Ұрылар ізін жасырып үлгерді. Жергілікті полиция оқиғаны тексеруге кірісті.